Шұбар ЖОББМ-да ғылыми-әдістемелік кеңестің алғашқы отырысы өтті
2025–26 оқу жылының басында өткен алғашқы отырыста директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Амирова А.Б. мектептің ғылыми-әдістемелік жылдық жоспар мен міндеттермен таныстырып өтті.
Кеңес отырысында мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының жоспары талқыланып, жылдық бағыттар айқындалды.
📝 Күн тәртібінде мектеп педагогтерінің шығармашылық еңбектерінің нәтижелері қарастырылды:
авторлық бағдарламалар,оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар жинақтары.
Кеңеске ұсынылған жұмыстар:
✨ Қадырова А.М. – “ЖИ негізіндегі әдеби мәтін талдауы” тақырыбындағы авторлық бағдарлама ,
📗 Уразова А.О. – Қазақ тілін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал,
📘 Хамидуллаева М.Е., Амангельдинова Д.Е., Алтынбай Б. – дидактикалық тапсырмалар жинақтары.
🔹Ғылыми -әдістемелік кеңес педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
🔹 Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмысы – мұғалімдердің кәсіби дамуы мен жаңашылдыққа бастайтын маңызды қадам!